Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
"Көшпенділер ойындары" іс-шарасы өтті.
17-06-2024 12:07

2024 жылдың 14 маусымында "Жігер" БЖК "Павлодардың ашық аспаны" атты батпырауықтардың қалалық фестивалін ұйымдастырды.

Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері:

- Шығармашылықтың техникалық және қолданбалы түрлеріне қызығушылықты арттыру;

- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;

- Ата-аналарды балалардың білім беру және шығармашылық процесіне қатысуға тарту.

- Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың танымдық белсенділігін, конструкторлық қабілеттерін дамыту.

Осындай батпырауықтар мерекесі жетпістен астам қатысушыны жинады. Фестивальге Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.

Фестивальдің барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды, арнайы номинациялар берілді:

 "Менің сүйікті қалам" - К. Мақпалеев атындағы ЖОББМ;

"Ең жарқын батпырауық" - №18 ЖОББМ;

"Биікке ұмтылатын техника" -№6 ЖОББМ;

"Супер батпырауық" - №46 ЖОББМ;

"Өз қолымен жасалған батпырауық" -  М. Әуезов атындағы ЖОББМ.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жас ұрпақтың шығармашылық техникалық және қолданбалы түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған, сонымен қатар отбасылық демалысты өткізуге тамаша себеп болды.