Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
"Балшуақ" БЖК-да "Қыздар-аналар" сайысы өтті
20-03-2012 08:13

2012 жылдың 10 наурызында «Балшуақ» БЖК  «Фантазия»  бейнелеу өнері мен «Балдырған» декоративті-қолдаанбалы  үйірмелері 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне  арнап «Қыздар-аналар» атты байқау  өткізді.

Байқау 6 тур бойынша өтті: «Кімнің дауысы екенін анықта», «Отбасылық хроника», «Золушка», «Өнерлі отбасы», «Креативті сәнді шаш жинау», «Ең тәтті тамақ басар». Осы байқауға 5 отбасы қатысты.Әділ қазылар алқасы болып ҚББМ Г.Т.Нуртазина., оқу бөлімі бойынша хатшы Ю.С.Майструк және тәрбиеленушінің әкесі С.К.Марданов тағайындалды. Үйірмешілер: Иманбаев Саламат пен Қуанышбекова Мадина  өздері жүргізушілер болды.

Байқау кезінде, тәрбиеленушілер-Адырбай Ернұр,Марданов Ақылжан,Марданов Сағындық,Абылхасанова Мадина,Каппасов Балтабек өлеңдер айтып,тақпақтар оқыды. Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша 3 орын  анықталды,олар мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.

 

I-орынға- отбасылық жұп Жумакасова Жазира мен оның қызы  Гүлзира ие болды  

II-орынға – отбасылық жұп Огнева Наталья мен оның қызы Лера ие болды.

III-орынға –отбасылық жұп Байшалова Мадина мен оның қызы Дильназ ие болды.

Белсене қатынасқан екі жанұялық жұп:Абылхасанова Зейнегүл мен оның қызы Мадина және Тұрсынова Нәсіп пен оның қызы Дильназ дипломдармен марапатталды.

   Байқау соңында  балалар құттықтау сөздер мен аналарына өз сыйлықтарын ұсынып, мерекелі дастарқан басында  бас қосты.

Қосымша білім беру оқытушысы:                                         А.Қ. Баженова