Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
«Мойылды көлінің көкжиегінде»
05-04-2012 03:07
«Мойылды көлінің көкжиегінде»

 Шараның атауы:«Мойылды көлінің көкжиегінде»

Шараның мақсаты:Өлкелік материалды насихаттау және балалардың демалыс уақытын  өткізуді ұйымдастыру;

Шараның өткізілген орны: «Мойылды» шипажайы.

Шараның өткізілген уақыты: 29 наурыз, 14.00-15.15

Шараны өткізуді ұйымдастырушы: «Тілашар» қазақ тілі үйірмесі  Баширова Ж.Р.

 Жылдық шара өткізу жоспары бойынша «Мойылды көлінің көкжиегінде» атты ақпарат сағатын өткізу жоспарланған болатын. Сол  жоспар бойынша 29 наурыз күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері «Мойылды» шипажайына экскурсияға барды. Бұл шара «Мойылды» шипажайының ашылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Экскурсияға «Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің, «ағылшын тілі үйірмесінің және «Карамель» би үйірмесінің балалары барды. Барлығы 27 бала болды. Сонымен бірге ата-аналар атынан ағылшын тілі үйірмесінің оқушысы 6 жасар Виканың әжесі болды.

Экскурсияны шипажайдың бас дәрігері Каймиденов Есенаман Шайдуллаұлы жүргізді.

Ертеде көлдің емдік қасиеттері туралы жергілікті тұрғындар көне заманнан-ақ білді және өздерінің түсініктері бойынша пайдалануға тырысты.

Көлдің емдік қасиеттерін естігін адамдар емделу үшін осында жаз бойы жатып алуды, оның жиегіне киіз үй, шатырлар орнатып, бұтақтардан және жер асты үйлерінде тұруды әджетке айналдырған. Күн астындағы жасанды ванналар орнатып, балшық пен рапаны қабылдаған.

Славцов деген Павлодардың іскер купестерінің бірі көлдің жиегінде ақылы балшықпен емдеу шипажайын ұйымдастырған. Шипажай көл суын қыздыру үшін жасалған карапайым жатын орындар мен пеші бар саманнан жасалған үй, балшықты көлге дейін төселген тақтайлармен суға толы чандарда жуынған. Кедейлер көлдің маңындағы арнайы орындарда немесе көлге түсіп жуынған. 1922 жылы Кеңес үкіметі орнатылғаннан кейін шипажай Павлодар «Горздрав» қарамағына берілген. Шипажай бірте-бірте өзгере бастайды, балшықпен емдеу орны қайта салынып, күніне елу адамға қызмет көрсете алатын болған.

1928 жылы шипажай Республикалық шипажай басқөармасының қарамағына ауыстырылады, республикалық маңызы бар шипажайлардың біріне айналады. Саманнан салынған үйлер, шипажай қызметтерін орналастыру ғимараттары орнатылады.

1937 жылы көлдің батыстағы жағалауында жасыл шөбі және бұталары бар он гектар жерге ағаш паркі отырғызылған Ұлы Отан соғысы кезінде жарақат алған мыңдаған қызыл әскер жауынгерлері емдеуден өткен. Әсіресе балшық пен рапа ұзақ уақыт жазылмайтын оқ-дәрі жарақаттары, күйіктер мен үсіктерді емдеу кезінде тиімді болғаны туралы  шипажайдың қысқаша тарихын айта келе Есенаман Шайдуллаұлы «Мойылды» шипажайының қазіргі  өзгерістері мен жетістіктеріне тоқталды. Жоғарыда айтылғандай бұрын күніне елу адамға ғана қызмет еткен шипажайда  қазіргі кезде 200-ден 700-ге дейін адам ем алуға мүмкіндіктері бар және шипажай қазіргі заманға сай кұрал-жабдықтармен жабдықталған – деп,  балаларға «Мойылды» шипажай туралы кітапшалар мен буклеттерді сыйға тартты. Бұл әңгіменің бәрі шипажайдың үлкен залында өтті. Ұзақ әңгімеден кейін Есенаман Шайдуллаұлы балалармен шипажайдың барлық корпустарын аралап, балшықпен емдейтін жерлерін, ол балшықтың автоматтандырылған түрде көл жағасынан шипажайға қалай келетін жолдарын көрсетіп. Орнатылған құбырғыларымен таныстырды. Сол сияты минералды судың пайдасы туралы да айтылып, минералды су ванналарын және рапаны ем үшін қалай пайдаланатыны туралы, оның қандай аурыруларға көмегі барын айтты. Және балалар сүлікпен емдеу бөлмелерінде де болды. Шипажайдың галлереясында жерлесіміз фотограф Багаевтың фотогаллереясынан балалар шипажайдың фотосурет тарихымен танысты. Сонымен қатар балалар шипажайдың спорт залында болды. Бұл спорт залда  республикалық  жарыстар өткізітіндегі туралы естіп, балалар өздері волейбол ойнады. Келесі балаларға ұнаған ол физкульткура емдеу залы болды. Балалар онда да түрлі тренажерлармен ойнады. Балалар шипажайдың кітапханасында да болды. Оларға ондағы әдеби кітаптар өте ұнады. Балалар емделушілердің тұратын бөлмелерінде болып, өздерін демалушы ретінде сезінді.

Есенаман Шайдуллаұлы: «Келіп жатқан демалушыларға қызмет көрсету, тұру жағдайы мен ем қабылдау, демалу барысында енгізілетін көп өзгерістер күтіп тұр. Үлкен және жеделдетілген жөндеу –құрылыс жұмыстары жүргізілуде, көрсетілетін бальнеологиялық және физиологиялық емдом тізбесін кеңейту мәселесі де қарастырылуда» – деген сөздермен экскурсияны аяқтады.

Экскурсияға барған балалар да ұстаздар да өте жақсы әсер алып, демалып қайтты. Балалар: «осындай экскурсиялар жиі өткізілсе екен» - деген тілектер айтты.

.