Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Жігер" БЖК-нда өткен "Ардақты ата, аяулы әже" іс-шарасы жайында
11-10-2013 11:00

2013 жылғы 4 қазанда "Жігер" БЖК қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қадірлі қонақтарымызға тәрбиеленушілер өздерінің жылы лебіздерін өлең жолдары, мақал-мәтелдері мен әндері арқылы жеткізе білді. Шағын сахналау арқылы балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ата-әжелеріне паш етті. Соңында апаларымыз "Әй, жарайсыңдар!" атты  сайысқа қатысып, өздерінің шеберліктерін, тапқырлықтарын қазылар алқасы мен қонақтарға көрсете алды.

   Мереке өз мақсатына жетті деуге болады. Аталарымыз балаларға, "Жігер" клубының қызметкерлеріне өз баталарын беріп, жылы лебіздерін ақтарды.

Ардақты ата,аяулы әже

 

Мақсаты: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Түрі:Кездесу.

Әдісі:Сұрақ-жауап,пікірлесу,әңгімелесу.

Көрнекілік:Нақыл сөздер,өлеңдер,суреттер.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І-жүргізуші:-Армысыздар,құрметті ата-әжелер!

ІІ-жүргізуші:-Бармысыздар жадыраған жас достар!

І-жүргізуші: - Көп жасаған қария-

                        Ақылы теңіз дария.

                        Көп өнеге сөзі бар,

                        Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

ІІ-жүргізуші:- Ата салты ардақты,

                       Әрбір сөзі салмақты.

                       Сол сөздерді ұқпасаң,

                       Тістерсің бір күн бармақты.

І-жүргізуші- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін сыныбымызда қарттар күніне орай «Ардақты ата,аяулы әже».» атты кеш өткізгелі отырмыз.

ІІ-жүргізуші:-Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!

І-жүргізуші:- Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

Бұл моральдік  құқыны құрметтей білу керек.

ІІ-жүргізуші:-Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

  ІІ-жүргізуші:- Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

 Ән: «Біз бақытты баламыз.»  

1-оқушы:  Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

                   Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

                   Отбасында, бала – шаға қасында

                   Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

 2-оқушы : Қағыс естіп қалбақтайды баладай

                   Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

                   Ниеті ақ, көңілі кең даладай,

                   Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.

 

 

3-оқушы:  Ақиқатты айқындап жариялар

                   Бара жатыр азайып қариялар.

                   Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

                   Бара жатыр сарқылып дариялар.

 

І-жүргізуші:- Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты– тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

 ІІ-жүргізуші:-Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Би: Қазақ биі.               

4-оқушы:Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер

                 Ата – бәйтерек,

                 Бала – жапырақ

                 Әке – асқар тау,

                 Ана – бұлақ.

І-жүргізуші -Маған мынаны айтып беріңдерші.

-Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.

                  Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қария болса,

                 Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа,

                 Жас келсе іске.

8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»

12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»

13- оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

14- оқушы Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»

15- оқушы: Өткен менен кеткенді,

                     Көп жасаған қарт білер.

Ән: «Айгөлек»  

1-оқушы : Атам менің әманда,

                  Әдепті жан бол деген

                  Атам сөзі санамда,

                  Жасы үлкенге жол берем.

                  Алдын орап кісінің,

                  Кесіп өтпе көлденең

                  Ізетімен кішінің

                  Сәлемдесіп қол берем

2-оқушы: Атам менің әманда,

                  Кішіпейіл бол деген

                  Ата сөзі санамда

                  Мақтанбауды жөн көрем

                  Қалдыратын ұлтқа

                  Жалған сөзге төзбеймін.

                  Жеткізеді мұратқа,

                  Тек шындықты көздеймін.

3-оқушы:  Атам менің әманда

                  Әділетті бол деген,

                  Ата сөзі санамда

                  Жүрмін тура жолменен.

Би: «Полька»

 

 4оқушы: Ей, тәкаппар дүние

                 Маған да бір қарашы

                Танимысың сен мені?

                 Мен қазақтың баласы

                 Атаң болса анаңмен

                 Алтыннан соққан қорғанмын

                 Санаң болса ақылды,

                 Ешкімнен кем болмадың

                 Інің болса мақалшы

                 Семсер қылыш білегің

                 Ақылды қыз, ақылды ұл-

                 Өкпе, бауыр, жүрегің.

5-оқушы:Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

                Әр күлгенің бізге бақыт саналар

                 Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

                 Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

                 Ана мейір күн көзімен пара-пар

                 Тұла бойға қуат болып таралар

                 Өміріме шуақ шашып әрқашан

                 Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ән: «Ана»,  «Қошақан»

ІІ-жүргізуші:

-Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.  Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
І-жүргізуші:

-Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

ІІ-жүргізуші:

Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

Мұғалім:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,  біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!