Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
24 наурыз күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубында «Наурыз қандай мереке?» атты викторина өтті.
31-03-2014 03:23
24 наурыз күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубында «Наурыз қандай мереке?» атты викторина өтті.

       

         24 наурыз күні «Болашақ» балалар жасөспірімдер клубында «Наурыз қандай мереке?» атты викторина өтті. Бұл шараның мақсаты: балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, еліміздің салт- дәстүрімен, ұлттық ойындармен таныстыру. Викторина 3 тур бойынша өтті. Бірінші тур – Қазақтың салт – дәстүрлері, екінші тур – мақал-мәтел жинау, үшінші тур – ұлттық ойындар. Бірінші турда балалар төмендегідей сұрақтарға жауап берсе,   

1. «Наурыз»  мейрамын неліктен наурыз айында тойлайды?  (22 наурыз күн мен түннің теңелген күні, бұл күннен бастап жаңа жыл басталады, жыл басы, жан-жауарлар оянып, жерге көк шығады)

2. Наурыз мерекесінің басты тағамы? (Наурыз көже)

3. Наурыз көженің құрамына не қосылады? (Көженің құрамына міндетті түрде 7 түрлі тағам қосылады, ет, бидай, арпа, күріш, айран немесе сүт, су, түз т.б.)

4. Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Наурыз меркесінде түрлі ойындар өткізіледі, ақындар айтысы, жастар алтыбақан жанына жиналады, адамдар бір-біріне қонаққа барады, сыйлықтар сыйлайды)

5. «Айтыс» сөзі нені білдіреді? («Айтыс» халықтың ауызша шығармашылық өнері, ол «айт» деген сөзден туған, ол екі ақынның поэзия жанрындағы жарысы)

6. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесңдер? (бесікке салу, тұсау кесу, сүйінші сұрау, құда түсу, қыз ұзату т.б.)

            Екінші турда қағазға жызылған сөздерден балалар Қазақстан, Отан туралы мақал-мәтелдер жинап, оның мағынасын түсіндірді.

           Үшінші турда балалар Аударыспақ, көкпар, бәйге, қыз қуу, күміс алу, күш сынасу, сақина тастау сияқты ойындармен танысып, кейбір ойындарды өздері ойнап көрсетті. сияқты оындар.

«Тілашар» үйірмесінің жетекшісі:                           Баширова Ж.Р.