«Әрқашан күн сөнбесін...»
«Әрқашан күн сөнбесін...»
іс-шара туралы
ЕСЕП
2014 жылдың, маусымның 4-ші жұлдызында, сағат 1000-да, «Балшуақ» балалар мен жасөспірімдер клубында «Қызықты грамматика» үйірмесінде (жетекшісі Гулнәр Мерзадақызы Ілдібаева) «Әрқашан күн сөнбесін...» атты іс-шара өткізілді. Шараға «Балшуақ» клубының «Қызықты грамматика» үйірмесінің тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары, және Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицей мектебінің лагері қатысты.
«Өнерлі өрге жүзеді» дегендей балалар жатқа тақпақтар, ән айтып, әлем халықтарын билерін биледі. Осы күні оқушылар ғана емес, ата-аналар да белсенділік танытты. Бәріміздің басымызды қосқан мереке «Әрқашан күн сөнбесін...» әнімен аяқталды.