Алғыс хат
Құрметті Батырбек Жақсылықұлы!
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың, ұлтаралық келісім мен этникааралық қатынастардың дамуына, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен тілінің, әдет-ғұрпы мен дәстүрінің өркендеуі жолында қосып келе жатқан зор үлесіңіз үшін шексіз алғыс білдіремін. Бойыңыздағы күш-жігеріңіз бен жинаған бай тәжірибеңізді болашақта да екі елдің тату көршілік қарым-қатынастарының нығаюына бағыттайтыныңызға сенім білдіремін. Осындай орайлы сәтті пайдалана отырып, отбасыңызға бақыт пен береке, шаңырағыңызға шаттық пен шапағат, өзіңізге зор денсаулық тілеймі.
Құрметпен Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулы
Елдар Қонаев.