Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
«Ал, қане тауып көр»
13-11-2015 03:31

9 қараша күні өткен «Ал, қане тауып көр» музыкалық ойын-сайысының есебі.

2015жылдың 9 қарашасында «Жігер» БЖК бөлімшесі «Жеңіс» клубында №22 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына музыкалық ойын-сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, музыкалық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар бар ынталарымен қосылған әуендерді тыңдап, қандай аспаптың дауысы екендігін анықтауға тырысты. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшелігі және дыбысы болады. Сол ерекшеліктер жайында сайыс барысында қосымша білім беру педагогі Бауыржан Болсынғазыұлы атап айтып отырды. Сайыс барысында оқушыларға келесі аспаптардың дауыстары жасырылды: ДОМБЫРА,ЖЕТІГЕН,ҚЫЛ ҚОБЫЗ,КСИЛОФОН,ДАУЫЛПАЗ, ГИТАРА,САКСОФОН,СКРИПКА,ҮШБҰРЫШ,АРФА,ПИАНИНО, МАРАКАСЫ,РОК БАРАБАН,ФЛЕЙТА,АККОРДЕОН. Сайыс соңында оқушыларға қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы айтылып, оның құрылысымен домбыраны көрсетіп таныстырды. Домбыра үйірмесінің ең кішкентай шәкірттерінің бірі 6 жастағы Шамурат Атымтайжомарт ұстазымен бірге «Тепеңкөк» күйін орындады.