Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
20-12-2017 09:49
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

15.12.2017 жылы «Болашақ» БЖК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара мемлекеттік ән ұранымен басталды. «Айжұлдыз» қазақ тілі үйірмесінің балалары Қазақстан туралы өлеңдер оқып, «Даймонд» би үйірмесі қазақ биін билесе, «Алтын дауыс» вокал студиясының балалары «Улыбайся», «Айгөлек», «Қиын-оңай» әндерді шырқап, «Джем » заманауи би студиясының балалары би билеу шеберліктерін көрсетті. Клуб меңгерушісі Абдрахманова А.В жиналғандарды мерекемен құттықтап, шараның соңында ата-аналар ұстаздарға ризашылықтарын білдірді. Осылайша БЖҚ-нда жасөспірімдер Тәуелсіздік мерекесін қарсы алып өткізді.