Көктемгі демалыстың соңғы күні, 2019 жылы 2 сәуірде "Рақым" балалар-жасөспірімдер клубында Наурыз мейрамына арналған шахмат турнирі өтті.
Турнирге 8-13 жас аралығындағы "Жігер" БЖК-ның әр түрлі бөлімдерінің тәрбиеленушілері қатысты. Жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлер жиналды. Екі сағат ішінде мықты шахмат жарыстары өтті. Өз қарсыластарымен балалар жарысты. Бұл турнирда өз-өзін басқаруды, логикалық ойлау қабілеттерін, сондай-ақ қарсыластың жүрісін санай білудегі жарыс екенін көрсетті. Ойын үлкен қызығушылық тудырды.
Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:
1 орынды "Балшуақ" БЖК тәрбиеленушісі Иманғазы Алмас жеңіп алды,
2 орын - " Жас толқын, Таупек Ануар
3 орын - "Жеңіс" БЖК, Искаков Асанали
Қатысушылар мен жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және турнирге қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.