Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)626840
email: https://bilim-pavlodar.gov.kz/index/fromorg/127 garden142010@mail.ru
Адрес: Торайғыр көш. 99/2
8(7182)620083 garden142010@mail.ru
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
07.00-19.00 сағ
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Біздің жетістіктер» ашық есік күні.
20-04-2011 10:01

 

Ашық есік күні: «Біздің жетістіктер».

Сәуірдің 20-ы біздің балабақшада «Біздің жетістіктер» атты ашық есік күні өтті.
  Ашық есік күні – балабақшаның дәстүрлі шараларының бірі. Ол ата-аналарға мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттарымен танысуға мүмкіндік береді.
 Мекеменің жұмысын ерекшелігін ескере отырып, балалардың сөйлеу қабілетінің дамуы бойынша түзетулік жұмысымен ата-аналардың танысуына ерекше назар аударылады. Осы шаралар аясында ата-аналар ойландыратын сұрақтары бойынша мамандардан кеңестер алды.Ата-аналарға педагогтардың 15 сабағы көрсетілді. Ашық сабақтар көрсетілімдерін көріп, ата-аналар разы боды.

Өздерінің әсерлері туралы ата-аналардың пікірлері:

    Людмила Степановна «Теремок» тобы:  Барлығынан да маған бағдарламаның толықтығы, танымдылығы және музыкалылығы ұнады. Балалар педагогтың қойған сұрағына өте жақсы жауап береді, сонымен қатар, жайдарлы, епті биледі, балалармен жақсы жұмыс атқарылатыны айқын көрінді. – Балабақшада осындай іс-шаралар өтіп жатқаны өте қуантады. Ашық есік күнінің өтуі ата-аналар үшін балабақшаның ашық болуын нығайтады. 

   Р.М.Усенов «Теңізшілер»тобы: 
 - Біздің балалар қалай өсіп қалған! Бүгінгі дене шынықтыру сабағында бұған айқын көзім жетуіне мүмкіндік болды. Мерекенің ұйымдастырылуы ұнады. Барлық балалар белсенді болды, ептілігін және командамен жұмыс істей алатындығын көрсетті. Жарыс өте жақсы ұйымдастырылыған, өтіп жатқанға балалардың қызығушылықтарын көруге болады. Дене шынықтыру нұсқаушысы Г.Х. Жаншакимова байқауларды қызықты және назар аударалықтай өткізді. Ерекше «Арқанды тарт» байқауы жақсы болды. Мереке үшін ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Ьізге, ата – аналарға, балабақшада осындар мерекелер өткізіліп жатқаны қатты ұнады.