21 қазан күні "Павлодар қаласының #14 арнайы балабақшасы" КМҚК базасында "Дидактикалық ойындар арқылы дыбыстық сөйлеу мәдениетін қалыптастыру аспектілері" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарда логопедтер өз тәжірибесімен бөлісті: "Дыбыс түсінігімен танысу" тақырыбымен Рахманберген Айдана Мейрамбекқызы, "Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар ересек тобының балаларында дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыру" тақырыбымен Талас Найля Шамилевна, "Білім беру процесінің әртүрлі формаларында сөйлеудің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу" тақырыбымен Кочунбаева Айгуль Калкамановна, "Ерекше қажеттілігі бар мектепалды балаларына дыбыстарды автоматтандыруға арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар" тақырыбында Ахметбекова Аида Беслановна. Семинарға басқа да арнайы балабақшалардан логопедтер қатысып, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті де жаңа әдістері туралы әңгімелеп, бір біріне пікір айтып, ұсыныстарын білдірді.
Логопедтерге арналған қалалық семинар