Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Бүгін біздің бала бақшада халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер өткізілді. Тәрбиеленушілер педагогтардың және музыкалық жетекшінің басшылығымен өздерінің аналарын, әжелерін келе жатқан мерекемен құттықтап, әндер орындап, тақпақтар оқып, би билеп берді. Ертеңгіліктерге дайындыққа біздің бала бақшада өндірістік практикадан өтіп жүрген Павлодар педагогикалық институтының «Дефектология» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттері белсенді түрде қатысты. Тәрбиеленушілер өздерінің аналарына, әжелеріне, сондай-ақ, педагогтарға көктемгі көңіл күй сыйлады.