Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қош келдің, Наурыз!"
24-03-2011 10:08
Наурыз мерекесінде №30 мектебіміздің ауласында үлкен той-думан өтті. Лесозавод шағынауданының тұрғындары мерекені тойлауға жиналды. Оқушылар мен мұғалімдер "Қош келдің, Наурыз!" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Алғашқы болып қонақтарды құттықтап, Қыдыр ата өз батасын берді. Концерттік бағдарламаға оқушылар мен мұғалімдер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ата-әжелерімізге дейін жиналған жұрт ұлттық биімізді "Қара жорғаны" мың бұралып биледі. 1-11 сынып оқушылар мен ата-аналары, мектеп демеушілері қонақтарға арнап, қайырымдылық дастархандарын жайды. Қонақтардың назарына қол өнер шеберлерінің бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Ал, спорт алаңында оқушылар өз күштерін сынады, түрлі ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді. Мерекенің шарықтау шегінде барлық қатысушылар мен сайыстардың жеңімпаздарына марапаттау қағаздары мен түрлі сыйлықтар таратылды. Жиналған қауым көтеріңкі көңілдермен үйлеріне қайтты.