"Әліппемен қоштасу" мерекесі
Бүгін 1 А сыныбында оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтып, әліппеден алған білімдерін тиянақтау және әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында "Әліппемен қоштасу" мерекесі өтті.
Мерекеге шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе», сабақтан қашып жүрген Жалқаубек, жаңа пән "Ана тілі" қонаққа келіп, балалардың көңіл күйлерін көтерді. Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — әліппені бітіру тойына келген ата-аналар және ұстаздар балаларды құттықтап, мерекені тамашалап қайтты.
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.