1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталды. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Осы күні, таңнан бастап қала көшелерінен сәнді киінген, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған оқушыларды көрмеу, байқамау мүмкін емес.