Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень вкусное! - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
“Бірыңғай мемлекеттік тіл күні” акцияcы өтті
05-05-2010 18:00

“Бірыңғай мемлекеттік тіл күні” акцияcы өтті.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы. Ол атадан – балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор- мемлекеттік тіл-қазақтардың ана тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек”- деген пікірі баршамызды ойландырар қағида болып қалыптасты.

Елімізде тіл саясаты – қазіргі таңның аса маңызды өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қабылданған тілдерді қолдану мен дамытудың мектепішілік бағдарламасы аясында біршама игі істер атқарылуда. Солардың бірі - әр айдың бірінші сәрсенбісінде “Бірыңғай мемлекеттік тіл күні” акцияcын өткізу.

2010 жылғы 5 мамыр күні мектебімізде “Бірыңғай мемлекеттік тіл күні” акцияcы шеңберінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бастауыш сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар ойналды. Балаларға «Мыршым» ойыны өте ұнады.

6-7 сынып оқушылары арасында «Әнді сүйсең, менше сүй» караокемен ән айту сайысы өтті. 6 «а» сынып оқушысы Аманбай Ризабек жеңімпаз атанды.

1-10 сынып оқушылары арасында «Білгірлер» сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар кабинет есіктеріне ілінген тапсырмаларды орындап, үзілістерде вахтаға әкеліп отырды. Жоғары сынып оқушылары кеңесі орындалған тапсырмаларды тексеріп, қорытынды жасап отырды. Бұл сайыста 3 «а» және 1 «а» сынып оқушылары белсенділік танытып, жеңіске жетті.

5-8 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» ойыны ұйымдастырылды. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты өткізілген бұл сайыста 6 «а» сынып оқушысы Мұрат Әділ жеңіске жетті.

Сайыстардың жеңімпаздары мен белсенді қатысқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды.