Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
БЁРДИНГ БОЙЫНША ФОТОБАЙҚАУ
21-10-2013 07:03
БЁРДИНГ БОЙЫНША ФОТОБАЙҚАУ

Қолыңызда бар кез келген фотокамераны пайдаланып, Павлодар облысын мекендейтін құстарды суретке түсіріңіз. Жасаған фотосуреттерді «ВКонтакте» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде ашылған «Павлодарлық географиялық қоғам» тобында  жариялаңыз. Сондай-ақ, жұмыстарды saltik1823@mail.ru, sanja2985@mail.ru(тел.: 8 705 614 22 54) электронды пошталарына жолдауға немесе Павлодар қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығына (Ломов к-сі, 38, бұрынғы «Кристалл» клубы; тел.: 628965) әкелуге болады.

«VK» мен «Odnoklassniki»-де арнайы құрылған топта суреттеріңізді жариялаған кезде міндетті түрде аты-жөніңізді, ұялы телефоныңыздың номерін, электронды поштаңыздың мекен жайын, суреттердегі құстардың және түсірілген жердің атауларын жазуды ұмытпаңыздар.

«Бёрдинг – құстың суретін түсір» фотобайқауына топ (2-5 адам) немесе жалғыз болып қатысуға болады. Барлығына бірдей тапсырма – неғұрлым көп құстың фотосуретін түсірсеңіз әрі жұмысыңыз неғұрлым сапалы әрі тартымды болса, соғұрлым қомақты сыйлыққа ие боласыз. Байқаудың әр қатысушысы өз күшімен еңбектенуі керек. Тапсырманың сәтті орындалуының нәтижесі сапалы түсірілген суреттер топтамасы болуы тиіс.

Байқауға кез келген адам қатыса алады!

Барлық фотосуреттер байқау кезінде жасалуы тиіс.Интернеттен немесе жеке архивтен алынған, бұдан бұрын түсірілген суреттерді қолдануға болмайды.