"Тәуелсіздік - басты құндылығымыз"
13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығын мерекелеу қарсаңында мектебімізде "Тәуелсіздік - басты құндылығымыз" атты мерекелік концерт өтті. Концерт мектебіміздің директоры Б.О.Әденова құттықтау сөз сөйледі. Қаланың білім беру бөлімінен 2 мұғалім алғыс хатпен марапатталса, бірнеше мұғалімдерге ерен еңбектері үшін алғыс жарияланды.Концертте мектебіміздегі талантты оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілеріміз көрермендерімізді зор қуанышқа бөледі.