Бүгін біздің мектебіміз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отыр. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі.
Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Наурыз шашу» іс-шарасы өтті. Әр сынып өз кабинетін безендіріп, кішігірім ауылға айналдырды. Келген қонақтарды қазақ халқының дәстүрлеріне сай үлкен қонақжайлылығымен қарсы алып, салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам түрлерін көрсетті. Мектебімізде тек қазақ ауылдары емес, сонымен қатар татар, өзбек, орыс, украин, түрік ауылдары да болды. Оқушылар өзге ұлттардың дәстүрлерін, өнерлерін көрсетті.
Шараға ата-аналар, әжелер қатысып, белсенділік танытты. Барлық сыныптар мадақтамалармен марапатталды.
Баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық ,тазалық пен татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын!