Тазалық - денсаулық кепілі!
![Тазалық - денсаулық кепілі!](/media/img/blogs/542667d6afc7a.jpg)
Осындай ұранмен, ауа-райына қарамастан біздің мектебіміздің оқушылары сенбілікке шықты. Әр сынып сынып жетекшілерімен бірге мектеп территориясындағы өз участкелеріне жұмысқа шықты. Сенбілік сәтті өтті, оқушылар бірігіп мектеп ауласын тазалап, көркейтті.