Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол.
21-11-2014 09:25
Нұрлы жол – болашаққа бастар жол.

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол.

     Мектебіміздегі бүкіл мұғалімдер қауымы Елбасымыздың биылғы халыққа Жолдауын зор ықыласпен қарсы алды. Әр дүйсенбі сайын өтетін директор алдындағы отырыста мектебіміздің тарихшысы Накупова Бақыт Барашқызы осы еліміз үшін мәнді де, мағыналы  жаңалық жөнінде хабарлама жасады. Жолдауға арқау болған негізгі  басымдықтарға тоқталып, болашаққа белгіленіп отырған ізгі идеялар туралы жан-жақты мәліметтер берді. Мысалы: әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытусаласында бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу, осыған мәселеге байланысты  Елбасы Үкіметке қосымша70 миллиард теңге бағыттауды тапсырды. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бөлінген.

Екінші кезекте,индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыру тапсырылды. Сонда білім беру саласына 100 миллиардтай қаржы бөлінуде.

Ұжымымыздағы әріптестер осы қажетті мәліметтер жөнінде өз ойларын ортаға салды.