Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны
28-09-2016 02:37
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны

Тілдер айлықтың шеңберінде, №30 жалпы орта білім беру мектебінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны өтті. Ағылшын тілді болсын, басқа тілді болсын жетік меңгерудің басты шарты болып табылатын – тілге деген қызығушылық. Сайысты өткізудегі мақсатым оқушылардың алған білімдерін сарапқа салу, ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдық, тез жауап беру дағдысын қалыптастыру, достыққа тәрбиелеу, олардың лексикалық байлығын дамыту. Бұл ойын үш тілде өтті: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Елбасшымыздың жолдауында айтылғандай, қазіргі жастар үш тілді бірдей меңгеруі керек.20160926_142654

Сайыс 10-сыныптың оқушыларын екі топқа бөлу арқылы өтті. 5 бөлімге негізделе отырып, әр түрлі слайдтар арқылы оқушылар белсенді жұмыс атқарды, білім қорын толықтырды. Тапқырлықтарын, тіл білімдерін, әртістік қабылетін кеңінен көрсетті. Сайыстың соңында «Болашақ» командасы жоғары ұпай жинап, сайыстың жеңімпазы атанды. Сыйлықтар берілді.

Ең бастысы мектепте өтіп жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасының Президенті жолдаған «Үш тілдің бірлігі» атты жолдауының маңызды екенін дәлелдегендей болды.