"Балалар-жасөспірімдер экология және туризм" орталығы
"Балдәурен" лагерінің балалары "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм" орталығына барды. Осы орталықта оқушылар "Туристтік жолдан" өтті. Орталықтың нұсқаушысы балаларға қауіпсіздік техника ережелерін түсіндіріп, жолды өту ережелерімен таныстырды. Балалар үлкен қызығушылықпен барлық тапсырмаларды орындап, қиыншылықтардан өтті.