Телефон доверия
8(7182)332662 87472724175
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 город Павлодар ул.Баян Батыра 27
директор: 8(7182)332660 приемная: 8(7182)332662
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Ежедневно 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Lesson Study әдісі
17-05-2016 08:59
Lesson Study әдісі

IMAG6065 IMAG6079Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. IMAG6252Соның алғашқы баспалдағы ретінде еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін» меңгертетін үш деңгейлі курстардан өтіп жатыр.

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. IMAG6095Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. IMAG5922

Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын мұғалімдерден топ құрдық. IMAG5981 1 "В", 3 "Б", 8 "А" сыныптарында осы әдісі бойынша ашық сабақтары өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер бағдарламаның жеті модулін енгізді. IMAG6049 Оқушылар топпен жұмыс жасады, өз ойларын постерге түсіріп, әртүрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Өздерін және сыныптастарын бағалады.