Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 2-КҮНІ
28-04-2016 10:05
МЕКТЕПТЕГІ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІНІҢ 2-КҮНІ

Мектепті дамыту жоспарына негіз болатын мектептің оқу мен оқытудағы бүгінгі хал-ахуалын сараптау бойынша «Балбұлақ» қоғамдастығының мүшесі, ІІ деңгей бағдарламасын тәмамдаған, мектеп басшысының тәлімгерлігіндегі тарих мұғалімі Б.Б.Накупова коучинг-сессия өткізді.

Мақсаты: Мектептің педагогикалық ұжымының сараптауымен курсалды алынған сауалнамалардың қорытындысынан мектептің даму жоспарына енгізілетін басымдылықты айқындау және МДЖ өзгерістер енгізу.

«Technology in Education» бейне фильмімен ой қозғалды. Әр топ спикерлері ХХІ ғасырдағы болып жатқан және болатын әлемдік өзгерістердің білім беру саласынан бастау алу керектігін атады. Топтағы жұмыста «Алтын ережеге» сүйене отырып, ата-ана, оқушы, мектеп персоналынан алынған сауалнама егжей-тегжейлі зерделенді, нәтижесін топ спикерлерінің қорғауынан көрдік. 2 жұлдыз, бір тілек барысында көптеген қызықты талқылаулар орын алды. Мектеп мұғалімдері өздігінен басымдылықтарды айқындағандарына және ол басымдылықтардың менің бірінші бетпе-бет барысында жасаған сараптама жұмысымның қорытынды презентациясындағы мәліметтермен сәйкес келгеніне тәнті болды. Бұл мәселені шешу үшін не істеуіміз керек? Нені өзгертеміз? Қалай өзгертеміз? Кім өзгертеді? Деген бірқатар сұрақтар аясында ой толғаныс болды.АТ3 Коучинг-сессияның соңында «Қаздардың сабағы» бейне ролигі педагогтар ұжымын қатты толғандырды. Бөлінген көшбасшылықтың рөлі айқындалды.