9 сәуірде біздің мектебімізде сенбілік өтті. Сенбілікке мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар, 1-10 сынып оқушылары қатысты.Оқушылардың бәрі сенбілікке сыпырғыштарын, күректерін, тырнауыштарын алып шықты. Әр сынып өздеріне жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарды. Барлық оқушылар сенбілікке жақсы көңіл-күймен белсене қатысты. Берілген тапсырманы жақсы орындады. Сенбілікте мектеп ауласы мен маңайы тазартылды.Мектеп әкімшілігі атынан сенбілікке қатысқан ата-аналарға үлкен рахмет!