Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы.
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қазақ халқы. Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.
Ұлттық салт – дәстүрді таныстыру, бастауыш сынып оқушыларына қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру. Яғни, ұлтжандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу болып табылады. Наурыз мерекесін тек қазақ халқы емес, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері де атап өтеді.Мектебімізде әр түрлі ұлт өкілдері оқитын болғандықтан, наурыз мерекесін де бірлесе отырып, әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін, өнерлерін, дастархан жаю жоралғыларын көрсете отырып, атап өттік.
Шара барысында тек оқушылар ғана емес, ата-аналар өз өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты. 3 «А» сынып оқушылары белорусь ұлтының мәдениетін, салтын, би өнерлерін көрсетуге тырыстық. Мектеп басшысы Текжанова Ажар Төкенқызы оқушыларға, ата-аналарға осы мерекеде өз жылы лебізін білдіріп, тілек айтты. Ата-аналардың да мектеп басшылығына, жалпы ұжымға алғыстары шексіз!