Көктем аруы
Мектебімізде "Көктем аруы" атты қыз сыны сайысы өтті. Сайы бірнеше кезеңнен тұрды. «Сыр мен сымбат сұлулығы» кезеңінде арулар жиналған қауымға өздерін таныстырды.
Қазылар алқасы, сондай-ақ олардың сахнада өзін-өзі ұстай білу мәнері мен киім үлгісіне мән берді. Қолөнер шеберлігінің «Бес саусағынан бал тамған» сайысында қыздар ою-өрнек салу, кесте тігу, ұршық иіру және дәмді тағамдар әзірлеу өнерлерін паш етті. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» сайысында көрермендер қатысушылардың ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу шеберліктеріне тәнті бола алды.
Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша, "Мисс Көктем аруы" атағын 9 "А" сынып оқушысы Усаханова Алема және "Вице Мисс Көктем аруы" 6 "А" сынып оқушысы Қабдолла Фариза иеленді.