Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алғыс айтып жүрейік....
01-03-2016 04:15
Алғыс айтып жүрейік....
алғыс3

Алғыс айту, ризашылық-адамның адамға жасаған жақсылығына, іс-әрекетіне өз ризашылығын білдіруі болып табылады.Адам баласына өзінің өмірінде болып жатқан жағдайларына түсіністікпен қарап, қолындағы барына қанағат етуі керек!

Алғыс пен ризашылық ең алдымен өмірді бағалау болып табылады.Адам баласы өзінің өзгеге жасаған жақсылығына,игі істер орындаған кезде, өз бойында ризашылықты сезінеді.Ал өзге адамның жасаған қамқорлығына , мейірімділігіне, ізеттілігіне өз алғысын айтып жатады.

алғыс

Біз өсіп келе жатқан келешек ұрпағымызға қамқорлық, адамгершілік, ізеттілік , мейірімділік сияқты құнды қасиеттерді бойларына дарытып , дұрыс жол көрсетуіміз керек!

Көктем айының жайдар, жайма шуақ 1-наурыз күні «Алғыс айту» күнін мектебімізде атап өттік.

алғыс2

Сынып оқушылары шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне шын көңілден жақсы тілектер, алғыс айтып, мейірімділікке, рахымшылдыққа байланысты көріністерді сахналап көрсетті.

Олар өз түсінгендерін қызыға, бірлесе отырып, парақ бетіне түсіріп, сурет салды .

Сөз соңында адам баласы бір-бірлеріне мейірімді, қайырымды болып, ізгі істер ғана жасаса екен және өмірдің әрбір сәтін дұрыс бағалай білейік дегім келеді.

алғыс4

Алғыс айту әрбір жанның парызы

Қамқор болу –бұл өмірдің маңызы.

Ізгі істің жасайықшы талайын,

Қайырымды болайықшы ағайын !

Павлодар қаласы

№30 ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Р.А