25 ақпанда үштілді ендіру бойынша инновациялық тәжірибе шеңберінде мұғалім Садвокасова Л.А. 4 «Б» сыныбында «Дүниетану» сабағы бойынша ашық сабақ өткізді. Тақырыбы: «Отбасы–кішкентай қоғам». Сабақ деңгейлік бағдарламаның 7 модулін қолданумен түрлі тапсырмаларды қамтыды.
Сабақта оқушылар коммуникативтік дағдыларды көрсету арқылы үш тілде сөйлей алатынын көрсетті: сөйлеу, тыңдау, терминдерді алғашқы рет оқу. Мультимедиялық презентациялар, флипчарттар қолданылды.
Оқушылар ноутбук, түсіндірме сөздіктерін қолдану арқылы шығармашылық-ізденіс тапсырмаларын орындады. Мұғалім «Менің қарындасым» рөлдік ойынын ұтымды пайдаланды. Оқушылар Актанов Д, Шоханова А. «Менің шыққан тегім» ағашын дайындады.
Сабақ рефлексиясының кезеңінде «Алма» әдісі қолданылды, оқушылар сабақта жұмыстың өздік бағасын берді.