"Менің отбасым"
“Өзін-өзі тану: махаббат және шығармашылық педагогикасы” атты республикалық онкүндіктің аясында мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында "Менің отбасым" атты коллаждар сайысы өтіп жатыр. Қатысушылар өз коллаждарын өте әдемі, көрікті, ерекше сезіммен жасады. Махаббат пен сүйіспеншілікке толы отбасы фотосуреттері жүрегінді жылы сезімдермен толықтырады. Балалардың осы коллаждарды үлкен махаббатпен жасағаны көрініп тұр.