Мұражайға саяхат.
6 А сыныбымыз сынып жетекшімізбен бірге қаламыздың ортасындағы орыс халқының жазушысы Павел Васильевтің мұражайына бардық. Мұражай жазушының көзі тірісінде өмір сүрген мекен-жайы, үйі екен. Үй ішіндегі жихаздары да, жазушының пайдаланған құралдары да сол күйінде сақталған. Мұражай қызметкері Павел Васильевтің өмірбаяны мен шығармашылық жолы жөнінде өте құнды мәліметтер берді. Жазушы жөнінде деректі фильм көрдік. Жазушы небары 27 жыл ғана өмір сүрсе де, артына қаншама мұра тастап кеткен. Сол заманның сұрапыл саясатының салдарынан «халық жауы» айдары тағылып, қыршынынан қиылған. Жазушының еңбектерімен таныса отырып, өзімізге көп сабақ алдық.