"Балауса" балалар шығармашылығы фестивалі
Бүгін жұмыспен қамту және балалар шығармашылығы Орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арналған "Балауса" балалар шығармашылығы фестивалі басталды. Мәнерлеп оқу байқауының іріктеу турына біздің 4 «а» сынып оқушылары біздің кішкентай жұлдыздарымыз Наурыз бен Гүлім өз өнерлерін көрсетті. Олар орындау шеберлігі мен сахналық мәдениетін жоғары дәрежеде көрсете білді. Наурыз бен Гүлім сахнада өздерін жақсы ұстай білді және біздің мектепті фестивальда лайықты дәрежеде таныта білді.

Нәтижесін тағатсыздана күтеміз!!!
Ал біздің кішкентай жұлдыздарымызға сәттілік тілейміз!!!