Павлодар қаласы № 35 жалпы орта мектебінде қалалық бастауыш сынып оқушылары арасында қазақтың ұлыойшылы, дана,кемеңгері Абай атамыздың шығармашылығына арналған «VІІІ Абай оқулары»өтті. Онда 4 «Б» сынып оқушысы Қабдуахит Айғаным «Өлең- сөздің патшасы,сөз -сарасы»айналымында Абайдың 25 өлеңі мен екі қара сөзін жаттап, тамаша өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Айғанымға келешекте талабы шыңдалып, жоғары нәтижелерге жете берсін дегіміз келеді.