13 қарашада біздің мектепте "Бала құқықтары туралы Конвенция" атты
сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, бала құқықтары туралы Конвенциямен танысу, өз құқықтары үшін жауапкершілікті ұғынуға ықпал ету, басқалармен жағымды қарым-қатынас жасау құқықтарына тәрбиелеу. Сынып сағатында АКТ-ны қолдана отырып, оқушыларға бейнероликтер мен презентация көрсетілді. Сондай-ақ, Конвенция неше баптан тұратындығы жөнінде, Конвенция құқықтарын, ол қай жылы қабылданды, балалардың қандай құқықтары бар екендігі жөнінде айтылды. Соңында әдеби кейіпкерлерінің құқық бұзуы жайында халық ертегілерінен мысал ала отырып, викториналық ойын өткізілді. Оқушылар өз көзқарасымен бөлісті және пікірлерін білдірді.
СЫНЫП САҒАТЫ: "БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ"