Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Президенттің Жолдауы
11-01-2018 11:22
Президенттің Жолдауы

Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауы төртінші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған.
«Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс»,- деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде. Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған.
Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы медициналық қызмет көрсетулі үшін барлық жағдай жасалуы керек», - деді Президент.
Елбасының Жолдауындағы барлық міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған. Мемлекет басшысы жаңғырудың негізі болып табылатын адам капиталын дамыту мәселесіне тоқтала келіп, білім беру саласының үздік жүйесін қалыптастыруға назар аударды.
Мен, Накупова Бақыт Барашқызы қаламыздағы № 30 жалпы орта білім беретін мектепте тарих пәнінен дәріс беремін. Елбасымыздың халыққа Жолдауымен таныса отырып, қазіргі заман талабына сай жаңашылдықтар мен ілгерлеушіліктерді байқадым. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту жөнінде құнды ойлар айтылған.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керектігі жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігі жөнінде, жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керектігі жайлы кеңінен тоқталып өтті.
Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен ұстаздардың жалакысы көтерілгелі отыр. Бұл жағдай жастар арасында ұстаздық мамандыққа қызығушылардың санының көбеюіне әкеледі деп ойлаймын.
Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.
Президенттің Жолдауы - бұл әрбір қазақстандықты белсенді әрекет етуге шақырады