ӨЗ ҚОЛДАРЫМЕН ЖАСАЛҒАН ТЕРМОМЕТР
Бөлме термометрын өз қолдарымен қалай жасауға болады? Иә, өте оңай! 5 "в" сынып оқушылары бұл туралы жақсы біледі. Бұл үшін қажетті заттар: пластикалық бөтелке, түтікше, акварельді бояулар, ермексаз және су. Бөтелкенің қақпағына дөңгелек тесік жасаймыз, оған түтікше кигіземіз және ермексазбен тесіктерді бекітеміз. Бөтелкенің ішіне боялған су құямыз, қақпақпен жабамыз. Термометріміз дайын. Бұдан әрі оны батареяға қоямыз. Содан соң байқап отырамыз: түтікше арқылы су қаншалықты көтерілсе, температура да соғұрлым жоғары көтеріледі. Біз не білдік? су қызған кезде кеңейе алады және көбірек кеңістіктен орын алады.