"Алтын сақа"

Біздің балабақшамызда "Тілім менің тұғырым" атты ересек топтары арасында тіл бағытындағы сайыс өткізілді. Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру арқылы өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті меңгерту. Себебі , біздің мақсат сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.



