Сенім телефоны
321242
Мекенжайы: Лермонтов көшесі 98/1а
556978,550933
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі күні әр айдын ІІ және ІV аптасы сағат 16.00-18.00ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалардың мектепке дайындығы

Балалардың мектепке дайындығы - бұл балалардың таным үрдістерінің даму деңгейін, эмоциясын, дағдылары мен басқа да ерекшеліктерін қарастыратын тұтас кешенді түсінік. Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау тек мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері емес, атааналар мен бастауыш сынып мүғалімдерінің, мектеп психологының бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде жетістікке жететін әрекеті болып табылады.

Баланың мектепке психологиялык дайындық мәселесі балалардың негізгі іс-әрекетінің, яғни сюжеттік-рөлдік ойындарының оқу әрекеті болып ауысуымен байланысты. Бұл мәселе өзекті әрі маңызды, бірақ оқу әрекеті мектепке психологиялық дайындық мәселесін тұтастай қамтымайды. Баланың мектепке дайындығы балалардың бір-бірімен байланысты жеке қасиеттері мен мотивация, таным процестерінің, ерік қасиетінің дамуымен байланысты тұтас жүйеден тұрады. Мектепте білім алуға дайын баланың мектепке келу себебі, адамдардың қоғамдағы орнын, үлкендер әлеміне жол ашатын және танымдық кызығушылығының белсенділігін үй жағдайында канағаттандыра алмағандықтан мектепке келгісі келеді.

Баланың мектепке психологиялық дайындығының көрсеткіштері баланың ақылойының дамуымен тығыз байланысты. Мектепке келу үшін балада сөздік қорының, танымдық белсенділігінің, бейнелік және кеңістіктегі заттар туралы кең мағлұмат болуы қажет. Бала мектепке бару алдында айналасындағы заттарды ажыратып, салыстырып, ұқсастығын, айырмашылығын бөліп, себептерін тауып, тұжырым жасай білуі керек. Бала жақсы оқу үшін өзін қызықтыратын заттарды ажырата білуі керек. Баланың логикалық ойлау деңгейі және ақыл ой сөздік қордың дамуымен тығыз байланысты. Бала сөздерден дыбыстарды ажырата білулері керек, яғни фонетикалық есту қабілеттері болуы керек. Баланың ақыл-ой дайындығының мазмұнына тек қана сөздік қор, ойөріс, арнайы қабілет қана жатпайды, сонымен қатар таным процестері де жатады.

Сонымен қатар ақыл-ой дайындығы негізгі таным процестерін қиял, қабылдау, зейін, ес, ойлау және сөйлеу процестерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Балалардың барлық таным процестері жүйелі, яғни  тәжірибе әрекеті кезінде міндетті түрде заттардың сыртқы және ішкі символдық-таңбалық жүйесін дұрыс пайдалана алатындай деңгейде дамуы керек. Мектепке бару баланың ақыл-ойының дайындығы мен ойлау процесімен де тығыз байланысты. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың көбі мектепке бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға тап келетіні мәлім. Ол жаңа ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге бейімделуге байланысты. Әсіресе, оқушы рөліне дайын емес балалар көптеген қиыншылықтарды кешіреді, олар үшін мектепке бейімделу үдерісі психологиялық жарақатқа ұласуы мүмкін.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушы өз күйзелістерін жеткілікті дәрежеде ұғына алмайды, ол күйзелістің туындауына себепкер болған факторларды да түсінуге қабілетсіз келеді. Бірінші сыныптың оқушысы мектептегі қиындықтарға эмоциялық тұрғыда - мазасыздықпен, қорқынышпен, ренішпен, ашумен жауап береді. Сол себепті бірінші сыныптағы оқушылардың жаңа өмірге бейімделуінің күрделі кезеңінде оларға психологиялық көмек пен қолдаудың көрсетілуі аса маңызды. Осыдан балаға дер кезінде және сауатты тиімді көмек көрсету үшін оның қиындықтарына, күйзелістеріне баса назар аудару қажеттігі туындайды.

Әрбір баланың өзін қаншалықты үйлесімді, эмоциялы жағымды сезінуіне қарай, оның мектепке, өз-өзіне, айналасындағы адамдарға қатынасы, сондай-ақ мектептегі жетістіктері де байланысты болады. Осы орайда мектеп табалдырығын енді аттағалы тұрған бірінші сынып оқушысына мұғалім мен ата-аналар тарапынан психологиялық қолдау көрсету, оның мектеп өміріне біртіндеп бейімделуіне жағымды ықпал етеді.

Психологиялық қолдау - баланың өзін-өзі бағалауын нығайту мақсатында оның жағымды артықшылықтары мен қырлары шоғырланатын, баланың өз қабілеттеріне сенім арта алатын, баланың қателіктерді болдырмауына көмектесетін, баланы сәтсіздіктерде қолдайтын үдеріс болып табылады.

Психологиялық колдау үдерісінде ересектер балаға педагогикалық тұрғыдан ықпал етудің едәуір жағымды әдіс-тәсілдерін қолданып, онымен қарым-қатынастың және өзара әрекеттестіктің үйреншікті үлгісін өлшейді, оның айналасында жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жағдайын жасайды. Ол ересектердің бала қылықтарының жағымды ерекшеліктеріне назар аударып, баланың эмоциялы аумағына ықпал етіп, оның жағымды күйзелістері мен күйлерін бекітіп, оның әрекеттерін мақұлдайды.