Бүгін бақшамызда балабақша қызметкерлеріне "Өрт қауіпсіздігін алдын алу " тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинарды Болат Қойшыбайұлы Жумашов өткізді. Алдымен қызметкерлерге өрт кезінде немесе басқа да төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету жайлы бейне ролик көрсетілді. Шаруашылық жағынан басшының орынбасары және Болат Қойшыбайұлы өрт сөндіру кезіндегі әрекет жайлы, адамдарды эвакуациялау, өрт сөндіргішті қалай қолдану жайлы мағлұмат берді. Қызметкерлер құралды қалай қолдану керектігін практикада пайдаланып көрді.