"Достық дастарханы"

Жасасын жаса азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер,
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
15.12.2015 жыл Еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай бақшамызда "Достық дастарханы " атты мерекелі таңертеңгілік өтті. Мерекемізге өзге ұлт өкілдері қонаққа келді. Балалар өзбек, грузин билерін билеп өз өнерлерін ортаға салды. Балдырғандарға ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында ұлттық " Теңге алу", "Аударыспақ" ойындары ойнатылды. Сонымен қатар блдырғандар Елтаңба, Гимн, Ту, бас қаламыз Астана жайлы өлеңдер оқыды.Мереке әсем әнмен жалғасып отырды. Мереке өте көңілді өтті.








