"Ұстаздар мерекесі"

Ұстаз деген- ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай мәңгі есте қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына,
Сәбилерін оңаша еске алатын.
02.10.2015жыл бақшамызда "Ұстаздар мерекесі" аталып өтті.№28 сәбилер бақшасының басшысы Ж.А.Мухтаева педагогтарды мерекелерімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Мерекеге орай басшы балабақша өмірімен қоғамдық жұмысқа белсене араласқаны үшін бірқатар педагогтар мен жұмысшыларды мадақтамалармен марапаттады.Мереке шағын концертпен жалғасты.




