Жайдарлы жаз!!!

ТҮЙМЕДАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі. Сөйтіп, біздің бақшамызда медбикеміз балаларға түймедақ жайлы түсініктерін кеңейтіп, оның пайдасы жайлы мәлімет беріп жүрүде.
«ОТБАСЫ» СЮЖЕТТІК – РӨЛДІ ОЙЫН Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рөлдер болмаса да рөлдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Міне, мына ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі отбасы мүшесінің бірін іс-әрекеттерін бейнелей бастайды…
«ГҮЛДЕРДІ ОТЫРҒЫЗЫП, КҮТІП ЖҮРМІЗ!» Қызыл, жасыл гүл ектік, Баптап күтіп түрленттік. Қалмасын деп қуарып, Апта сайын суғардық. Гүлдендіріп даланы, Далада гүл қаулады.
«Жел қайдан пайда болады?» Балаларға жер бетінің ауаны жылытуы және жел туралы ұғымдарды түсіндіріп, желдің пайда болу себептерін, маңыздылығын ұғындырудамыз.
«Ертегі кейіпекерлерімен танысу» Тәрбиеші апайым менің көп біледі ертегі, Ерінбестен ертегіні шертеді. «Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды, Бірнешеуін қабат айтып тастайды. Еліктіріп,ертек бізді баурайды, Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды. «Айта берсе екен» деп, Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.









