Қалалық семинар

14.03.2017
Балабақшамызда "Заманауи оқыту технологиялары арқылы шығармашылық сөйлеуді дамыту" тақырыбында қалалық семинар өтті. Шарада 10 ашық іс шара көрсетілді: І кіші "А" тобының тәрбиешісі А.А.Молдабаева - сенсорика, І кіші "Ә" тобының тәрбиешісі Г.Кимерсен - сөйлеуді дамыту, ІІ кіші "Ә" тобының тәрбиешісі Ж.Е.Акрам - жаратылыстану, ортаңғы "А" тобының тәрбиешісі Ұ.А.Әліхан - жаратылыстану, ортаңғы "Ә" тобының тәрбиешісі Г.С.Мутанова - қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, ересек "А" тобының тәрбиешісі С.Ф.Алимова - күннің ІІ жартысындағы ояну жаттығуларын, даярлық "А" тобының тәрбиешісі Д.А.Мукатова - драма, сурет мұғалімі Қ.Е.Балтабаева, дене шынықтыру нұсқаушысы Р.К.Жакупбекова, музыка жетекшісі А.Камиль.