Мектеп мұғалімдерімен кездесу

Бүгін бақшамыздың даярлық және ересек топтарының ата-аналарына жақын маңда орналасқан мектеп мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырылды. Олар: №2,5 және №7 жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері. Аталған мектептердің мұғалімдері өз мектептерінің жағдайымен, 1 сыныптың оқушыларына қойылатын талаптармен таныстырып өтті.