"Қазақ ертегілер фестивалі"

№122 мектепке дейінгі гимназияның ұйымдастыруымен №8,28,33,37,120,122 балабақшалардың тәрбиеленушілері арасында "Қазақ ертегілер фестивалі" өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1.Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім - сурет көрмесі
2.Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім - қуыршақ көрмесі
3."Қазақ ертегісі" - ертегіні сахналау.
Байқау соңында келесі құрамдағы әділ-қазылар алқасы "Өрлеу" БҰАО әдіскері С.Д.Нургалиева, Ж.Аймауытов ат.қазақ драма театрының актрисасы А.Қ.Тасыбаева және Б.Ахметов ат.педагогикалық колледжінің оқытушысы А.К.Токжигитова өз бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша, қуыршақ көрмесініен - 1 орын, ертегіні сахналау және сурет көрмесінен 2 орынды иелендік.