Қарттар күніне арналған "Сүйікті әжелер мен аталар" стенгазеттерінің конкурсы
Қарттар күнінде біздің балабақшаның топтары өздерінің ата-әжелерін стенгазеттер арқылы құттықтады.
Ата-аналар, балалар және тәрбиешілермен бірге шығармашылықтарын танытты. Бір топта стенгазеттер әр отбасы атынан болса, ал бір топтарда стенгазеттер жалпы топ атынан әзірленді. Бұл стенгазеттерде балалар ата-аналармен және тәрбиешілермен бірге ата-әжелерін өлең жолдарымен және алғыс айту сөздерімен құттықтады. Ал тағы бір топта балалар өздерінің ата-әжелері туралы әңгімелерін құрды.