«Менің сүйікті кітабым» авторлық ертегілер күніне викторина
Викторинаның мақсаты ана тіліне қатысты патриоттық сезімді жандандыра түсу, балаларды кітаптарды сүюге үйрету және оларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, оқу кезінде алған білімдерін бекіту, сөйлеу, қиял мен ойлауды дамыту, ауызша сөйлеу қабілетін жетілдіру, балалардың ой-өрісін кеңейту. Балалар «Жұмбақ батыр» және «Жоғалған сөз» ойындарын ойнады. Ал блиц-турнирде викторина сұрақтарына тез және жылдам жауап беруге тырысты. Тәрбиеленушілер ертегілердің мақал-мәтелдері туралы жақсы білімдерін көрсетті. Ал «Тауып көр» байқауында балалар өзіне тән белгілері бойынша кейіпкерлер мен ертегілердің атуын тапты. Викторина соңында балалар «Түнде айтылған ертегі» атты қызықты ертегі ойлап тауып, оны қуыршақ театрының көмегімен сахналады.