«Сен жалғыз емессің» қайырымдылық науқаны
«Сен жалғыз емессің» деген атаумен 2021 жылдың 13 қыркүйегінде №40 балабақшада қайырымдылық науқан өтті. Тағдырдың жазуымен қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен олардың ата-аналарына көмектесу үшін бізге керемет мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымыз. Бұл қасиеттерді тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі -баланың жасаған жақсылығы мен пайдалы ісі. Маңызды педагогикалық әлеуметтік міндеттердің бірі: балаларға қайырымдылық тәжірибесін беру.